Қартаймаған қарт
1 мин оқу
Құрбы-құрдастары әңгімелесіп отырып бір-біріне:
—Енді бәрімізде кесе тарттық, қартайдық қой!—депті.
—Жоқ, мен әлі қартайғаным жоқ,—дейді біреуі.
Құрбылары:
—Неге?—деп сұрайды. Анау айтады:
—Неге десең, біздің үйдің қасында бір тас бар. Соны мен бала күнімде қозғалта алмаушы едім. Әлі қозғалта алмаймын. Әлденіп, ержетпей жатып кісі қартая ма екен?