Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Саңырауға сәлем берсең

1 мин оқу

Бір үйдегі үш адамның үшеуі де саңырау екен. Бір күні сырттан келген шалына кемпірі шайын демдеп қоя бастапты. Шалы отырып:

—Әлгі жаман бұзаудың жабуы түсіп қалған жоқ па?—депті мал жайын білгісі келіп.

Сонда кемпір:

—Осы әкеңе жақпай‑ақ қойдым. Суық берсем «суық», ыстық берсем «ыстық»,— дейді қызына. Қызы:

—Мен бай таңдап отырғам жоқ, итке берсең итке, құсқа берсең құсқа кетейін деп отырмын,—депті шешесіне.

«Бас‑басыңа сөйлейтін саңыраумысың» деген тәмсіл осыдан қалса керек.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз