Үш саңырау
1 мин оқу
Бір үйде үш саңырау тұрыпты: қызы, әкесі, шешесі.
Бірде шал атын суғаруға құдыққа барады. Құдық басына бір жас жігіт келеді. Ол келе:
—Ата, ассалаумағалейкум,—деп амандасады. Сонда шал:
—Жоқ балам, бұл менің өз атым, әкемнен қалған, бермеймін,—деп жатып кеп дауласады. Сосын үйіне келіп жаңағы болған оқиғаны айтады. Бір жас жігіт атыма жармасып, әзер құтылдым дейді. Сонда кемпірі:
—Ыстық берсем, ыстық берді дейсің, суық берсем, суық берді дейсің, сенің қай бабыңды табайын,—депті. Сонда осы әңгіменің бәрін естіп отырған қызы:
—Қай байға берсең, о байға бер, күйеу таңдап отырғаным жоқ,—депті.