Тайдың белін сындырасың!
1 мин оқу
Айжарық басы жастыққа тиісімен ұйықтап кетті. Түс көрді. Түсінде құлынды бие сатып алыпты, құлыны өсіп, тай болып. Қатыны:
—Төркіндетіп келем,—деп тайды ерттеп мінгелі жатыр екен. Айжарық оған:
—Ей, тайдың белін сындырасың!—деп айқайлайды. Айжарық өз даусынан өзі оянып кетеді.