Не асса да, өз еркі емес пе
1 мин оқу
Қасындағы жолдасы бар Мәкең бір үйге түсіпті. Әйел қазан-аяқ жаққа бұрылып шай қоюға айналғанда, Мәкең жолдасын жұдырықпен қойып-қойып жіберіп:
—Не деген ұйтың жоқ жігітсің, мен қайдан біледі ғой дейсің, бұл үйдің қазан-аяғын мен ұстап отырғаным жоқ, қуырдақ қуыра ма, ет аса ма, өз еркі емес пе?—деген екен. Ұялып кеткен әйел қуырдақ қуырып беріп жолға салыпты.