Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тұздалған шай

1 мин оқу

Бір кемпір шәугім асып, шайға тұз салыпты да қонағын отырғызып қойып, асығып мал сауғалы жөнеліпті. Біраздан соң даладан келіні келіп ол да тұз салып кетіпті. Бір уақытта даладан кемпірдің бойжеткен қызы кіріп ол тағы да тұз салып кетіпті. Мал сойылып, кешкі абыр-сабыр басылған соң қонаққа дастархан жайылып, қоюға айналысыпты. Шай тұзын көрген жеңгесі:

—Мына шай неғып тұздық болып кеткен, еркем сен де тұз салған ба едің?—дегенде төрде отырған қонақ:

—Біріңнен кейін бірің келіп, қайта-қайта тұз салған соң осы үйдің салты болар деп мен де бір уыс салып қойған едім,—деген екен.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз