Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Алуан-алуан ұры бар

1 мин оқу

Екі ұрының біреуі үйге кіріпті де, енді біреуі сыртта тосып тұрыпты. Үйге кірген ұры тыңдаса, жігіті мен келіншегі сыбырласып жатқан екен, келіншек:

—Сен мені жақсы көресің бе?—депті күйеуіне.

—Мал беріп, сүйіп алған соң сені неге жақсы көрмеймін, әрине, жақсы көремін,—депті күйеуі. Келіншегі:

—Ондай болса мені далаға көтеріп шығаршы, дәретке отырайын,—депті. Мұны естіген үйдегі ұры «біліп қойды ма бұлар» деп бұға түсіпті.

Ал жігіт жалма-жан төсектен түсіп, келіншегін балаша көтеріп далаға шыға келгенде, сыртта тосып тұрған ұры мол бірдеме көтеріп шыққан екен деп қуанып:

—Алып шыққаның не нәрсе?—деп күбір ете түсіпті. Ойда жоқта тосын шыққан дауыстан жігіт шошып кетіп, келіншегін тастай салыпты. Келіншек баж ете түсіпті, осы иу-қиуда екі ұры зытып беріпті.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз