Әйеліне етік сатып әперген екен
1 мин оқу
Мәкең ұзатқан қарындасына амандасқалы барса қарындасы бір аяғына бәтіңке, бір аяғына етік киіп жүріпті.
—Ей, осы ұрыда ес жоқ-ау, не етікті, не бәтіңкені бірыңғайы ұрлау керек емес пе, екеуінің де бір сыңарын ғана ұрлағанын қарашы,—депті Мәкең ұрыға кейіген болып күйеу баласын қағытып.
Ертеңінде күйеу баласы қарызданып жүріп әйеліне етік сатып әперген екен.