Дәрігерді тосу
1 мин оқу
Ел шұбырып жататын қара жолдың бойында қой бағып отырған жігіт таңертең қойын өргізерде кәрі шешесінен:
—Апа, ары-бері өткен жүргіншілерді байқай отырыңыз, мұнда жалаң аяқ дәрігердің бірі келіп қалса, тымау дәрісінен алып қалыңыз,—деп тапсырып кетеді.
Бесінде қойдан оралған жігіт шешесінің жол бойында отырғанын көріп:
—Апа, неғып отырсыз?—дейді. Сонда баласына кейіген кемпір:
—Ойбай, балам-ай, күні бойы жолдан өткен елдің аяғына қараймын деп көзім талып кетті, әдіра қалғыр, әлгі жалаң аяқ жүретін дәрігерің бүгін келмеді ғой,—депті.