Ұзын сары келді
1 мин оқу
Соғым сойған күні баласына арнап жасаған шұжықты шаңыраққа іліп жатқан шешесі:
—Балам, мына шұжықты өзін сары келген күні асып берем, одан бері қозғамайсың,—деп ескертіпті. Осы сөз есінде бар бала бір күні үйіне келген ұзын сары адамды көріп:
—Апа, апа, қыстай тосқан ұзын сары келді, енді шұжығымды асыңыз,—деген екен.