Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Адамның идеясы

1 мин оқу

Ертеректе бір жігіт қамбашыдан ұн сұрап бірнеше күн барса да, қамбашы әр күні зекіп «ұн жоқ» деп кебежесін жауып тастап, шығып кетеді екен. Амалы таусылған жігіт ақыры рұқсат сұрамай-ақ қаладағы әпекесінің үйіне барып ұн сұрап келіпті. Ертеңінде дүйжаң оған:

—Сен кеше рұқсатсыз қайда кеттің? Идеяң мешеу. «Адамның дұрыс идеясы қайдан келеді?» деген шығарманы жақсы үйрен. Ұқтың ба?—деп ұрсыпты. Сонда әлгі жігіт:

—Бәрін де көріп, біліп жүрміз ғой, адамның дұрыс идеясы қамбашының кебежесінен келеді екен,—деп жауап беріпті.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз