«Халық үшін барсаң, барып кел!»
1 мин оқу
«Мәдениет зор төңкерісі» кезенде топтық еңбекте жүрген біреу басқарушыдан үйіне барып келуге рұқсат сұраған екен. Басқарушы оны:
—Жекелік үйге барып келуге рұқсат жоқ,—деп қайтарыпты. Оның бұл сөзін ұстап қалған әлгі адам бір-екі күннен кейін қайта барып:
—Рұқсат беріңізші, халық үшін үйге барып келейін деп едім,—депті.
Сонда басқарушы:
—Халық үшін барсаң, барып кел,—деген екен.