Мәйеннің қызықтары
1 мин оқу
Мәкең қызмет бабымен үйде көп болмайды екен. Бір күні әйелі:
—Сен үйге қарамайсың,—деп жазғырыпты. Мәкең ертесі орнынан тұра сала үйдің іші-сыртын қоқсытып ақтара бастапты. Мәкеңді іздеп келіп қалған біреулер:
—Мәке, осы құрлы ақтарып, бірдеме жоғалтып алғансыз ба?—деп таңырқап сұрағанда, Мәкең:
—Тайыр-ай, осы біздің қатын үйге қарамадың деп құлақ етімді жеген соң ақтарып жатыр емеспін бе? Елдің еркегі мың күн қарағанда қайтып шыдаған, мен бір күн қарағанда шыдамадым,—депті.