Картоп—құйрық
1 мин оқу
Ертеде Еспембет деген шал жұмысы болып ту қырдан Сырға келіпті. Бір үйге түссе, үй иесі оның Еспембет екенін білмей құр картоп асып беріпті.
—Сырдың құйрығының дәмі болмайды, алыңыз, жүрекке тимейді,—депті үй иесі.
Сонда Еспембет, жұдырықтай бір картопты алақанына салып тұрып:
—Е-е, жарықтық, қырдың мол етіне бармайсың, Сырдың кәдесінен құр қалмайсың,—деп жей беріпті.
Үй иесі оның тегін кісі емес екенін біліп, ет асып беріпті.