Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әке, қолыңыз осы жолғы сапарынан тез оралды-ау

1 мин оқу

Атақты Тәттімбет күйшінің кіші шешесінен туған Жақсымбет деген інісі таз болған екен. Онысына өзі намыстанып, бертін үлкен кісі болғанда да басынан тақиясын тастамайды екен. Бір күні баласы қолына су құйып, дәрет алғызыпты. Жақсымбет басына мәсих тартқанда тақиясын лып еткізіп көтеріп, тезірек мәсих тартып, қолын басынан жұлып алғанда, баласы:

—Әке, қолыңыз осы жолғы сапарынан тіпті тез оралдыау,—депті. Сонда әкесі:

—Балам, басым қона-түстенетін жерде емес қой,—деген екен.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз