Қыдырбайдың дәмесі
1 мин оқу
Ертеде өмірі соқыр қоян да атып көрмеген Қыдырбай деген кісі мылтығын білегіне салып келе жатыр екен. Қарсы кездескен бір танысы:
—Е, Қыдеке, аңға шығып барасыз ба?—депті.
Сонда Қыдырбай:
—Қасқыр атып алсам, нем кетіпті,—дейді.