Әзіл-шыны аралас
1 мин оқу
Көптен кездеспеген екі дос бірін-бірі сынағысы келіп:
—«Құрыш қалай шынықтыны» оқыдың ба?—деп сұрайды.
—Жоқ, мен көркем әдебиет оқитын кісімін. Ондай техника жөніндегі кітапты оқуға мойным жар бермейді.
—Мүмкін «Қарағандыны» оқыған боларсың?
—Сен өзің қызық екенсің ғой? Мен көркем әдебиетті оқитын кісімін деп жаңа ғана айттым ғой. Миыңа қонбай ма?
—«Ақ аюды» ше?
—Ей, келеке етесің бе өзің! Ақ аюың не? Мені аңшы деймісің?
—Салтыков-Щедринді оқыдың ба?
—Салтыковты оқығаным бар, Щедринге қолым жетпей жүр,—депті.