Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Палауды көрмей отырған кім екен?

1 мин оқу

Етікші бір күні хан сарайына кіріп келсе, уәзірлері оны сөз етіп отыр екен. Әңгімеге етікші де араласып, күлдіргі жайларды көп айтыпты. Риза болған хан оны уәзірлерімен бірге дастарханға шақырыпты. Әлден соң алдарына ас келеді. Етікші асқа бас қояр алдында әдептілік жасап, хан мен уәзірлерге:

—Кәнекей алыңыздар, кәнекей алыңыздар,—деп бір-екі рет қайталапты.

Уәзірдің біреуі тегінде бұны соқыр деп ойлап қалса керек:

—Көрмей отырсың ба сорлы кедей, мінеки-мінеки,—деп оның қолын ыстық палауға сүңгітіп-сүңгітіп жіберіпті.

Қолы шала күйіп қалған етікші ызаланып кетіп, уәзірге:

—Палауды көрмей отырған мен соқыр ма. Әлде, сен соқыр ма,—дегені бар ғой сонда.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз