Күн бұрын ескерткенім ғой
1 мин оқу
Әжесі немересінің қолына су таситын табақ беріп тұрып:
—Сындырып алма—деп, баланы шапалаққа тартып-тартып жібереді.
Оған ашуланған келіні:
—Жазықсыз баланы неге ұрасыз!—дейді. Сонда енесі:
—Сен әлі түсінбейсің, табақты сындырып қойған соң баланы ұрғаның не, ұрмағаның не? Бұл ерте бастан сындырмасын деп ескертіп жатқаным ғой—депті.