Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Аржаққа өте алмай қалам-ау

1 мин оқу

«Ту» деген түкірік жерге түспейтін, қақаған боран. Бір жолаушы дарияның арғы бетінен бергі беттегі ауылға келеді. Үйге кіріп, мұртына қатқан мұзды саусағымен сылып тастап, тонын шешеді. Үй иесі тоңып келген қонақ жылынсын деп маздатып пеш жағады, шәй қойып, ыстық тамақ істеп береді. Жолаушы ыстық тамақты ішіп отырып қара суға түсіп терлейді. Ыстықтаған соң мақпал шапанын, ішкі камзолын шешіп, желпініп, маңдай терін сүртіп отырып:

—Апырмай, мына ыстықта дарияның мұзы еріп, ойылып түсіп кетпесе жарар еді, аржақтағы ауылыма өте алмай қаламау,—депті.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз