Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ақылды сұлу

1 мин оқу

Бір күні бір сұлу әйел жолда келе жатса, бір адам оның соңынан қалмай ере беріпті. Сонда сұлу әйел бұрылып тұрып:

—Ей, бейтаныс, менің соңымнан неге еріп келесің?—деп сұрапты.

—Сіздің теңдесі жоқ сұлулығыңызға құштар болып еріп келемін,—депті әлгі.

Әйел күлімсіреп:

—Менің соңымда сіңлім келе жатыр, оның көзі қарақаттай қап-қара, өзі менен он есе сұлу,—деп жауап беріпті.

Мұны естіген әлгі еркек артына қарай жүреді де, ілби басып келе жатқан кәрі кемпірге жолығады. Ызаға булыққан ол жерге бір түкіріп жас сұлудың артынан қайта жүгіреді, жас сұлуды қуып жетіп:

—Сен неге мені алдайсың?—депті.

—Жоқ, бейтаныс,—депті сонда сұлу,—сен мені алдадың. Егерде мені шын сүйген болсаң, басқа әйелге қарай жүгірмеген болар едің.

Бейтаныс ұялғанынан бұрылып жүре беріпті.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз