Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тарғын батыр жыры (6-бөлім)

Ер Тарғын · Нұрқасым Нұрғалиұлы нұсқасы · 3 мин оқу

Халықтың Шорман өліп, кетті күйі,
Шорманның естен қалмақ қылған сыйы.
Сұрауға қыздан жауап келе жатыр,
Ғұмарға жақын екен Һәман үйі.

Қорқып жүр қыз бейшара түсі қашып,
«Не жауап беремін?» деп қайғы басып.
Басында әйел ғылып жаратты Алла,
Кететін еркек емес шыға қашып.

Ел-жұрты Шорман үшін аһ ұрады,
Көпшілік баққа келіп отырады.
«Тарғынның кеткен жағын сұраймын» деп,
Жамалды біреу барып шақырады.

Онда бар «өлтіре ме?» деген қауіп,
Жамал қорқып келеді ақылы ауып.
Амалсыз шақырған соң келе жатыр,
Бетіне ақ торғыннан перде жауып.

—Шошыма, қас қылмаймын саған, Жамал,
Адамзат иман табар қылып амал.
Басыңа азаттықты тілеп алдық,
Жылаған көз жасыңа патша қарар.
Сен түгіл Тарғынды да өлтірмейміз,
Тарғын өлсе, осы екі ел жесір қалар.
—Патшамен дейсің, халқым, уағдаластық,
Қылған жоқ Шорман ерге Тарғын қастық.
Сабады қырық жігіт жатқан жерде,
Біреуі тоқтатпай ма, болса бастық!
Қырқының Тарғын жықты бірін қоймай,
Шорман болса өлтіред деп жаман састық.

Ол үйде Тарғын шыққан бәрін қырып,
Шықса Шорман тұр екен тыста күтіп.
Көрген соң падишаны ес қалсын ба,
Мініп ап, Тарлан атқа кетті зытып.

Қолында балтасы бар ырғай сапты,
Артынан «өлтірем» деп Шорман шапты.
Балтасын қолмен қағып жібергенде,
Қайырымсыз ажалдан қаза тапты.
Ағалар, алдарыңда мен сөйлейін,
Несіне сөйлеген соң бөгелейін.

Баршасы қыз сөзіне болды риза,
«Пәли, балам, өссін,—деп,—жас мерейің!»

Жамал айтты:—Ағалар,
Жақсы менен жаманды
Есті кісі шамалар.
Туысқан, бауыр менде жоқ,
Жаны ашып маған кім қарар?!
Сендерсіз де өлермін
Ішімде қайғы-дертім бар.
Тағы айтты:—Ағалар,
Менен жауап сұрама,
Мені өлтірсең осы жерде,
Көңілдерің тына ма?!
Осы күнде менде ес жоқ,
Айтқан сөзім сынама.

Қыз Жамал осылай деп зар қылады,
Халықты осы сөзге нандырады.
Жалтарған биттей айла таба алмай,
Көпшілік «рас қой» деп тоқырады.

Бұл келген көпшілік те мыңға таяу,
Жақын жер жиналыпты атты-жаяу.
Баршасы қыз сөзіне риза болды,
Сөзінен таба алмайды ешбір қаяу.

Шығады батыр Тарғын тау басына,
Ойлайды жетем бе деп қыз қасына.
«Түсті екен қандай күйге сұлу Жамал,
Байғұстың мен қалдым-ау көз жасына».

Он төрт күн сол арада бұл шыдады,
Жемісі Алмалы тау ол да ұнады.
Шәһарға ертең ерте жүрмек болып,
Аллаға, пайғамбарға сыйынады:

—Кеш, Алла, қапылыспен қылсам жаза!
Дүниеден кім өлмейді, жетсе қаза?.
Мен ғаріп бір қыз үшін мұндай болдым,
Қолдай гөр, Шаһимардан, иә Мұртаза!

Тарғын еді Құдай сүйіп қойған атым,
Көп еді төрт шаһарда қолғанатың.
Мен сорлы бір қыз үшін мұндай болдым,
Бір өзің алып едің алпыс қатын.

Ер Тарғын кісі өлтіріп, тауға қашты,
Жамалдай аламын деп қолаң шашты.
Он төрт күн аунап-қунап жатқан жермен,
Тауымен Алмалының амандасты:

—Аман бол, мен келгенше Алмалы тау,
Шәһары Астарханның болды ғой жау.
Аю, қасқыр зияндас мекен еткен,
Жөнелттің, сонан қорғап, мені есен-сау.
Алыстан тауды көріп болжаушы ем,
Ойлаушы ем «ішін барып көрсем бе екен?».
Әпкелген сол ниетіме мені Тәңірім,
Таусылмас жер екенсің, берекең кең.
Ер сасып, етек басып қысылғанда,
Тығылар жер екенсің, қылып мекен.

Мен ертең падишаға жөнелемін,
Ол жақтан қазам жетсе мен де өлемін.
Оңдаса сапарымды патша Құдай,
Қызық қып Алмалы тау бір келемін.

Жау болса қырамын ғой мың мен санды,
Әйтеуір, қинаймын ғой шыбын жанды.
Басында қылған ісім оңай емес,
Өлтіріп кетіп едім патша-ханды.

Қызбен екеуі еш адамға білінбей екі-үш күн ойнап-күліп жата берді. Үш күннен кейін Жамал айтты:

—Ей, Тарғын, сен патшаға бар, ол сені өлтірмейді, маған уәзірлері арқылы айтқан уәдесі бар, хан екі айтпайды,—деді. Олай болса деп Ер Тарғын Тарланды бір қалтарысқа байлап тастап, Жамалмен қоштасып, екі бүктемелі қанжарын жеңінің ішіне оңайға ұстап ханға келеді...

Ер Тарғын

Барлығы: 23 жыр

Тағы оқыңыз