Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жоламан батыр

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Кенесары қырғызды шауып келе жатқанда, Жоламан батырдың жолдан бес биесі қосылып бірге келеді. Тоқсан жастағы Жоламан: «Өзім бармай, биемді Кенесары бермейді»,—деп өзі келеді. Үйіне қонады. Бұл не қылған шал деп Кенесары сұрамайды. Ертеңіне:

—Боз ойнақты ерттетіп бер, мен жүремін, Кенжежан, сен менің жөнімді де сұрауға еріндің, мен сенің бабаң Абылайдың тұсында асық атқан бала едім, әкең Қасым ханның тұсында қол бастаған дана едім. Шырағым, сенің тұсыңда бес биеден айырылған Жоламан деген шал едім,—дегенде, Кенесары ұшып тұра келіп:

—Япыр-ай, анық Жоламан батыр сіз болсаңыз, әкемнің досы екенсіз. Әкем өлерде алтын шақшаны ақ киізге оратып, сізге келсе бер деген өсиеті бар еді,—деп шақшаны берген. Бес биеге жүз жылқы қосып айдатып апарып салған Кенесары.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз