Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сыздық төре туралы

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Қасымханның баласы, Кенесарының інісі Сыздық төрені хан сайлайтын болғанда, Кіші жүзден Әлдебек би келмей, соны тосқан екен. Әлдебек келсе, бір аяғы ақсақ, бір көзі соқыр күйкі сиықсыз адам екен. Сонда Сыздық төре басын көтермей екі қолы тас төбесінде жатқан бетімен: «Әлдебегің осы ма? Соқыр, ақсақ»,—депті. Сонда түрегеп тұрған бетімен ойланбастан шаруадан шыққан Әлдебек бидің Сыздық төреге айтқаны:

—Көздің соқыр болмағы бас қырсығы,
Аяқ ақсақ болмағы өз қырсығы,
Төренің тәкаппар болмағы ел қырсығы.
Сөз сөйлесін батпандай,
Сүйектен сүңгіп өткендей.
Төсекте жатып сөйлесін,
Көт сүйегің өскендей.
Кірсіз—ай,
Мінсіз—Құдай,
Сенің түбің сарт еді,
Шешең қалмақ еді,
Сонан туған сен бір сұмырай.
Асыма, төре, асыма,
Асығаның осы ма?
Асығаның жетер басыңа,
Менің сөзім сөз болар
Ендігі қалған жасыңа,—

деп таяқты жерге үш ұрып жүріп кетіпті. Сөйтіп, шаруалар Әлдебекті қолдап, Сыздық хан бола алмай қалыпты.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз