Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ысты Бұғыбай

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Кенесары 1840 жылдары Ұлытауда патшаның отаршылдығына қарсы жасақ жинағанда, Шу өңіріндегі Ботаборым өзенінің бойын мекендеген ысты руындағы Бөлтірік биге: «Ат, ер-тоқым, қару-жарағы мен жүз жігіт берсін немесе жүз жігітке татитын жол бастайтын бір жігіт берсін»,—деп кісі жіберіпті.

Сонда Бөлтірік шешен көп ойланып, өз руы ыстыдан Отырардағы Бұғыбайды шақырып алып: «Кенесары ханға барып жол бастайтын басшы боласың»,—деп ақ батасын беріп, күндік жерге дейін шығарып салады. Ал Кенесары жіберген кісіге: «Кенеге сәлем айт, қол бастайтын батыр, жол бастайтын басшы жігіт жібердім, құрметтеп, ардақтай білсін»,—депті.

Кенесары бірде Бұғыбайды сынамақ болып, түн ішінде: «Жігітім, ер-тоқым қойған үйдегі қырық жүгеннің ішінен менің жүгенімді тауып әкелші»,—дейді. Бұғыбай барып қырық жүгеннің ішінен «тақсыр, сіздің жүгеніңіз мынау» деп дәл тауып әкеліп берсе керек.

Жорықта жүргендерінде жауынды түнде от жағуға тамыздық таппаған соң, Кенесары: «қыр астында ескі бейіттер бар көрінеді топырағы ішіне түскен, біреуінің ағашын суырып әкел»,—деп Бұғыбайды жұмсапты. Ал, өзі Бұғыбайдың батырлығын сынау үшін бір жігітті жасырын жіберіп, мола ішіне отырғызып: «ағашты ала бергенде бассалғын» деген көрінеді. Бұғыбай айтқан зиратты тауып, мүрденің ағашын ала бергенде, осында отырған жігіт шап беріп білегінен ұстай алыпты. Сонда Бұғыбай: «Дүние-мүлік өлі әруақ пен тірі әруаққа ортақ деген. Бұл мүлікті бүгінге дейін сен иемдендің, енді мен пайдаланамын, сен өлі әруақ, көріңде тыныш жат»,—деп ағаштарды арқалап жүріп кеткен көрінеді. Осыдан кейін Кенесары бастаған қалың қол оны: «Бұғыбай батыр, Бұғыбай басшы» деп атап кеткен көрінеді.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз