Қараспан тауы
Әпсаналар · 1 мин оқу
Елдің әңгімесі бойынша, Қорқыттың анасы қыпшақ қызы екен. Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп, жылына бір рет толғақ қысып отырыпты. Ең соңында туатын жылы тоғыз күн толғатып, жер дүниені үш күн, үш түн қараңғылық басыпты. Сұрапыл қара дауыл соғып, біреуді-біреу көре алмай, ел-жұрты қатты қорқынышқа батады. Сол қараңғылықта, қорқынышта туғандықтан атын Қорқыт қойыпты. Содан бастап ел оның Сыр суына жақын Қаратаудың қойнауындағы туған жерін «Қарашық», «Қараспан» деп атап кетіпті.