Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Хорасан атану себебі

Әпсаналар · 1 мин оқу

Әбдіжалил бабтың Хорасан лақаб аты көрінеді. Мұны жұртшылық үш түрлі түсінеді. Біріншіден, Иран патшалығындағы «Хорасан» қамалын жеңіп алғаны үшін; екіншіден, сол тұста ел арасында қорасан індеті – шешек (оспа) келеді. Сол ел ішіне дендеп еніп халыққа көп шығын болғаннан соң әулие Әбдіжалил-баб бұл індетке қарсы уыт (вакцина) ойлап тауып, елді бармағының, кейін жоғары қарыннан сол уытты еккізіп, иммунитет туғызып, күллі елді сауықтырғандықтан да Хорасан ата делінеді. Үшіншіден, өзінің бетінде де шешек дағы болғандықтан солай аталды деп айтады. Негізінен, Хорасан атаның үш түрлі қасиеті болғандығы хақ. Біріншіден, мұсылман дінін таратушы, оқымысты ғалым болған. Сондай-ақ, жоғары білікті әскери қолбасшы, батырлық қасиеті арқылы екінші қырын танимыз. Ол ағартушылық қызметпен де айналысқан. Өзі жүріп мекендеген жердің бәрінде де мектеп ашып, халықты сауаттандырған, мұсылман қауымын ұйымдастырып, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеген. Үшіншісі – қасиет қонған емшілігінде жатыр.

Жау қолынан ерте шейіт болған Әбдіжалил бабтың басына айналадағы ел үлкен күмбез тұрғызған. Бұл күмбез бұзылғаннан кейін ХІ-ХІІ ғасырлар тұсында шикі қыштан қайта құйған. Ал бүгінгі күнге жеткен құрылыс қос күмбезді ғимарат XІV ғасырдың аяғында бұрынғыларының үстіне салыныпты. Қылышты ата мазарының тұсына келсеңіз, қос күмбезді ғимарат өзіне менмұндалап шақырады. Негізгі күмбез екі бөлмеден тұрады. Бөлмелер арасында аралық есік жоқ. Бас фасады Оңтүстікке, қосалқы есігі батысқа қараған кіші бөлмесінде баласы, үлкенінде өзі жерленген.

Әпсаналар

Барлығы: 9 аңыз

Тағы оқыңыз