Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Келіншек тау

Әпсаналар · 1 мин оқу

Әлде жүз, әлде мың жыл бұрын теріскейде әйгілі бай өтіпті. Әлгі бай аузы дуалы, ақылы мен дәулеті пара-пар кісі көрінеді. Қылығы тәтті жалғыз қызы болыпты. Майысып толқып бойжетіпті. Тана көзі талайдың ішіне шек тастапты. Күнгей елінен теңі табылыпты ақыры. Әлгі бай жалғыз перзентімнен аярым жоқ деп, екі жасқа батасын беріпті, жасауын бөліпті дейді. Жасауын көрген ақын нешеме күн қисса етіп жырласа да, суреттеп тауыса алмапты деседі. Отаудың үзік, дәдегесі ақ марқаның жүнінен басылып, баубақсыры жібек жіппен тоқылыпты. Шаңырағын алтынмен аптап, уығын күмістен қаптапты. Бар жиһаз-жасауды түйеге теңдеп, ал риза бол қалқам деп, әкесі керуеннің бас жібін қызына ұстатқан көрінеді. Керуен ырғалып-жырғалып Қаратаудың қыр басына көтеріліпті. Қызы құрғыр дүниеге бір табан жақын білем, сол арада түйелерді шөгеріп, жасауды қайтып бір көзден өткізіпті. Сөйтсе, итаяғы жас өрік ағаштан шабылған екен. Мұны көрген қыз: «Әкем сараңдық жасапты, итаяғымды күмістен соқтырмапты», - деп күйеу жігітті аулына қарай шаптырыпты. Күміс итаяққа жұмсаған көрінеді. Бар дәулетін сыпырып арттырып жіберген ақылды әке әлгі сөзді естіп қатты налыпты. Қызына: «Тас жүрек екенсің, тас бол», - деп теріс батасын беріпті. Ол кезде қарғыстың дәл даритын уағы білем, (қазір ғой қанша қарғасаң да дарымайтыны) әлгі шөгіп жатқан түйелер, бұйда тартқан қалыңдық солайымен тұрған жерінде тасқа айналып қалыпты.

Биік шың Келіншек тау аталыпты. Жылдар өтіп, уақыт озыпты. Бұл дүниеден неше ұрпақ ауысыпты қолдан қашағандай.

Әлі күнге дейін тас түйелер тізіліп жатыр дейді, әлі күнге келіншек мүсіні күмілжіп тұрған көрінеді.

Әпсаналар

Барлығы: 9 аңыз

Тағы оқыңыз