Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құттықожа сахаба

Әпсаналар · 1 мин оқу

Жаңақорған ауданының тау жақ бетіндегі Жайылма жазығында болған қырғын соғыста батырлығымен көзге түскен Құттықожаны өлтіру үшін аңдыған жау есебін тауып, қапылыста тізеден төмен аяғын қылышпен шауып түсірген екен. Бір аяқтан айырылған Сахаба тепе-теңдігін ұстай алмай, соғыс даласынан шығып, қазіргі жатқан жеріне жетіп құлапты. Сол жерге «Құттықожа» сахабаны жерлеп, ені 2 м, биіктігі 2 м, ұзындығы 20-30 метр шамасы тастан сағана тұрғызған екен. Ол сағананың терістік шетіне үнемі ақ шүберек (жалау) байлап қояды. Сол жердегі бұлақты «Құттықожа бұлағы» деп атайды. Ұрыс даласы Жайылмада қалған кесілген аяқты сол жерге жеке өзін жерлеген. Халық оны «Қызыл әулие» дейді. Өйткені аяқ қанға бөгіп, қып-қызыл болып жатқан. Құттықожаны халық әулие тұтады, зираты басына түнейді, садақа тастайды, тілек тілейді.

Әпсаналар

Барлығы: 9 аңыз

Тағы оқыңыз