Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Яссауи мен Жақып ата

Әпсаналар · 1 мин оқу

Қожа Ахмет Яссауи Сыр бойын аралауға келгенде Жақып атамызға:

– Уа, Жақып, мына дариядан қалай өтеміз? - дегенде:

– Сізге дариядан өту қиын болып па? Жүре беріңіз, - деп дуа еткен екен. Әзірет Сұлтан дарияны кешіп өте берген. Міне, осы сапарда Сыр бойындағы барлық Қорасан ата, Қасым ата т.б. әулиелерді аралап, қайтадан баяғы судан өтетін жерге келеді. Сол жерде бесін намазын оқиды. Намаз оқып жатқан жайнамаздың бас жағынан кішкене қарақұрт шығады. Бұлар намаз оқып біткенше құрт үлкейіп адам жұтатын дәрежеге жетеді. Сонда Әзірет Сұлтан намаз оқып болып, Жақып атаға бұрыла қарап:

– Уа, Жақып, сен дем сал! - дейді. Жақып ата дем салғанда әлгі құрт әбден кішірейіп, бұрынғы қалпына келіпті.

Жақып ата:

– Не етейін, құртып жіберейін бе? - дегенде:

– Қой, сол қалпында қалсын, - деп Әзірет Сұлтан шәкіртіне риза болып, Тассуаттан өтіп, арғы бетке шыққан соң:

– Уа, Жақып, қолыңды жай, сенің енді бұдан былай лақап атың құрт иесі «Қылауыз» болсын, - деп батасын берген екен. Содан бастап қарақұрт, жылан шаққан адамдарды емдейтін болған екен.

Әпсаналар

Барлығы: 9 аңыз

Тағы оқыңыз