Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Кенженің Ағыбай асына баруы

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Кенже бірде немересі Топайды ертіп Балқаш жақта болған Ағыбайдың асына барған екен. Бұл ас «Ағыбайдың Тас аралы» деген жерде болған. Оған Ұлы жүз, Кіші жүз, Орта жүзден көптеген беделді кісілер шақырылған екен. Бұл асқа Ақберген би де шақырылып, оның інісі Кенже шақырылмай қалыпты. Кенже асқа шақырылмаса да, ат ерттеп, Ағыбайдың асына бармақшы болыпты. Сөйтіп, Кенже де немересі Топайды ертіп асқа келген екен. Ас болып жатқан жерге бірден бармай, Кенже немересімен ауыл жанындағы төбенің басында отырыпты. Сол кезде Ағыбайдың бәйбішесі төбе басында отырған Кенжені көріп, шақырып келуге адам жібереді. Әлгі кісі төбе басындағы Кенжеге келіп: «Ауылға жүріңіз»,—деп ертіп келіпті. Аста ат жарысып, палуан күресі болады. Әдетте мұндай жарыстар төбелессіз тарамайды екен. Кенже аста болған ат жарысының, палуандар күресінің бәйгелерін иелеріне тең бөліп, үлестіріп беріпті. Қайтатын кезде Ағыбайдың бәйбішесі:

—Не аласыз,—десе, Кенжекең:

—Мен бұл астан бір нәрсе алайын деп келген жоқпын,— депті. Кенже Ағыбай батырдың тақиясын ырым ғып немересі Топайға берген екен.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз