Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ағыбай батырдың бір жорығы (1-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Шұбыртпалы Ағыбай батырды Кенесары «Ақ жолым» дейді екен. Наурызбай ержетіп, әжетке жараған соң, Наурызбайға белді ат керек болыпты. Арқадан таңдап мінген бірнеше аттар мертігіп, не шабысты көтере алмай қала беріпті. Кенесары бір күні Ағыбайды шақырып алып:

—Ақ жолым! Мына Наурызбай ержетті, тілім тасқа болсын, Наурызбайдың өзіне лайықты бір аты жоқ. Мінген аттары шыдамай жатыр. Наурызбайдың өзіне лайықты бір ат тауып бер. Мына түркімен, араб елдерінде «Серке сан»... деген жылқы тұқымы бар. Соның бірін әкеп, Наурызбайға мінгізбесең, менің хандығымнан, сенің ерлігіңнен не пайда? Өзіне серік емес атпен Наурызбайдың ерлігі мен серілік еңбегі еш болмай ма?— депті. Кенесары Ағыбайға лайық екі жолдас, азық-түлік беріп: «Жолың болсын!»—деп батасын беріп жөнелтіпті.

Ағыбай сол бетімен жүріп, бірнеше күн өткен соң, бір қыратқа бір жолдасын қарауылға қойып, бір жолдасына: «Ас даярла»,—деп өзі жата кетіпті. Шаршап келе жатқан адам жатысымен көзі ілініп, қор ете түсіпті. Ана күзетте тұрған адам да қалғып кетіпті. Жат екінші бір адам қырдан шыға келіпті де, ұйықтап жатқан Ағыбайға тура жүріп келіп, ас пісіріп отырған жігітке қарапты. Ол жігіт: «Ана күзетші қайда? Ағыбайды оятайын ба?»—деп тұрғанда, ана адам Ағыбайға қарапты да: «Жолым болады екен»,—деп, пісіп тұрған асты ішіп, өздігінен бата қылып, жүре беріпті. Ас пісірген жігіт аң-таң болып, құты қашып тұрғанда, ана жігіт оянып, қосқа шауып, ана адамды сұрапты. Ас пісірген жігіт Ағыбайды оятып, ана адамның келгенін, өздерінің қапалығын айтып, өкініп отырыпты. Келген адамның түсінің суықтығын, мінген атының жат екендігін, қару-жарақты екендігін айтыпты. Ағыбай орнынан тұра келе: «Ай, жолдас жаман болса, жау алар!» деген осы,—деп, кеткен адамның артынан тұра қуыпты. Біраздан кейін қуып жетіп, сәлем беріп: «Ай, кімсің?»—депті. Ана адам: «Мен— жолаушымын»,—деп қайрылмай жүре беріпті.

Ағыбай мұнысына қапаланып, сойылын алып ұмтылыпты. Ана адам «Қой, ойнама!»—деп, шоқпарын жұлып алғанда, Ағыбай ұшып кете жаздапты. Ағыбай шамасының келмейтінін біліп: «Жөн сұрасам, айтпайды. Не де болса, бұл қайда барар екен?»—деп, бір көзі артында, бір көзі ана адамда, соңынан еріпті де отырыпты. Бір қырдан асқан соң, бір топ жылқы мен бір қосқа кездесіпті. Жылқы шетінде келе жатқан екі адамды көрген жылқышы қожандап қарсы шыққан екен, ана адам:

—Ай, сенде менің жұмысым жоқ. Ана менің жылқымды алған батырың, менің жауым қайда?—депті. Ана жігіт сасып қалып:

—Қоста демалып жатыр,—депті.

Бұл адам қосқа тура бастапты. Ағыбай ере қосқа келіпті. Сонда ана адам:

—Ай, залым, ата дұшпаным едің, алыстан арбап, жақынға жоламай жүруші едің, желімді қиып, көнегімді іліп, жылқымды қуып кетіп, мәз болып жатырмысың?—деп аттан түсе қалғанда,

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз