Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Үйсін Бөлтірік батыр (2-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

—Неге өлтірмедің?—дегенде, Ағыбай айтты:

—Ей, хан! Жау дұшманыңды мерт қылма, екіншіде байқап жүреді, Бөлтірікті өлтіріп, үйсіннің белін сындырайым ба? Киіз туылдырықты қазақтың арын төгіп, сатайым ба? Өзі де қайтты. Бөлтірік қуғыншыларын алып қайтып кетті.

Бөлтірік екінші жыл үйсінге ұран салып, қол жинап, аттондарын сайлап жатқанын естіп, баршыға Кенесары екі кісі жіберді. «Қоңыратпыз деп аралап, ел шетінен біліп қайтыңдар?»—деп. Бұлар шалғыншылар тезінен қайтып келді: «саптанып, қамданып жатқаны рас екен» деп. Кенесары Ағыбайға айтты: «Былтыр-ақ жайғап тастайтын немені тірі жіберіп, шолтаңдатып қойдың? Қазақтың белі, ары сынады деп, енді қолға хабар салайын, қарсы барайық». Қол шеру тартып үйсінге жөнелді. Бөлтірік о да шеру тартып келе жатқанда, Кенесары қолына ұшырасты. Екі қол шектесіп тұрды. Бөлтірік батыр:

—Ей, үлкен ағалар, кіші інілер! Кенесарының қолы көп, не қылғанмен бізді жеңеді, көбіңді қырғызып қатын-балаларыңды жетім-жесір қылғанша, мен жекеге шығып сайысайын, өлсем мен де бір ұл иә туар, иә тумас, Ағыбайдан басқасы шықса, берді Құдай! Ағыбай болса, кезекті берер ме екен?»—деп ұрандасып жекеге шықты.

Кенесары:

—Ей, Көсе! Аяма, қазақтың намысын жыртпа? Жайғап кел, иә болмаса өл! Хан жарлығы екі болмайды. Ағыбай көк бестіні текіректетіп қарсы шапты. Ағыбай жауынан бұрын қимылдайды екен. Соның найза-қылышын аңдып, саймандарын бағып, өзіне дарытпай не қағып сындырып, не болмаса ыңғайына келсе, тартып алады екен. Әгарда бұл екеуі болмаса, тоғыз қазықтан қиған найзаны мылтықтай атып жібереді, найзаның түбінде құлаш төс жара қайыстан шыжымы болады, найзаны тартып алатын. Бөлтірік батыр оң қолына қос желек найзасын алып, семсерін сол қолының қарына іліп, қаһарланып, ашуланып, түксиіп қарсыласа бергенде, Ағыбай тор жорғаның бүйірінен найзаны атып жіберіп құлатты. Бөлтірік атпен бірге құлады. Құлап жатып айтқаны:

—Ей, Ағыбай! Ханың Кенесары жүзге келмес, сен мыңға келмессің, ешкімнен Кенесары күшті емес, «түпсіз Уәли ханның, сарттың баласы» деп өсектеуші еді арғы атасын, абиырын қазақтың баласы сен жауып тұрсың ғой, енді елімді жетім-жесір қылғызба, саған тапсырдым,—деп қолдарын тоқтатып, қайтты.

Ағыбай аман-есен келгенде Кенесары айтты:

—Ұзын етек немені былтыр ғана жайғап тастайтын еді, бұл шолтаңдағанын қоймайды? Ағыбай айтты:

—Арпа ішінде бір бидай өлсе, үйсінде бас көтерер кісі жоқ, ол енді шолтаңдамайды. Шолтаңдаса, біткен жері «ер кезегі үшке дейін». Мен Бөлтірікке уәде беріп келдім, осы сапар еліне тимеске, жесір-жебір, жетім қылмасқа, қайтайық.

Кенесары үш күн жатып не қыларын біле алмай, Ағыбайдан күніне үш мезгіл айтады:

—Шауып қайтсақ, не қылады? Сонда Ағыбай айтады:

—Иә, Кене хан! «ер жігіт екі сөйлесе—өлгені, қара жерге тірідей көмілгені».

—Ұзын аққан Алатаудың төсінде
Мекен қылған үйсін де.
Аласы-бересіміз жоқ еді ғой,
Бөлтірік сықылды батырды өлтіргенде.

Арғы атам бір қазақтың баласымын,
Бөлтірікті өлтірсем, үйсіннің белін сындырамын.
«Ерді намыс, қоянды қамыс» дегендейін,
Қазақтың арын төгіп не қыламын?!

Ағыбайдың сөзін Наурызбай әм қолдың бәрі мақұлдады. Кене ағаң риза болмай қайтты.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз