Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көтібар батырдың асы

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Көтібар батыр өлерінде балаларына өсиет айтып: «Менің асыма үш жүзді түгел шақыр, кімнің аты бәйгеден келсе, аттың бас бәйгесін бөлек, менің бәйге Күреңімнің жабуы мен өзімнің қарашолақ наркескенімді сол ат иесіне ерекке бер»,—деген екен. Кенесары бастаған арғын елі асқа барып, Ағыбайдың Ақбесті атын бәйгеге қосып, үш жүз аттың алдында жеке келген екен. Атасының өсиеті бойынша бәйге Күрең аттың жабуы мен наркескен қара шолақ қылышты Ағыбай батырға берген екен. Мұны Кенесары естіп: «Көсеге баршы ерегінің бірін берсін»,— дейді.

Ағыбай: «Аттың бас бәйгесі айғыр үйірі қысырақ, масаты кілем жапқан тайтұяқ жамбы, мойнында тұмары бар қара бұйра нар, тағы-тағылар. Кенесары хан қолында емес пе, бұл еректі бермеймін» десе, Кене хан және біреуді жіберіп: «Көсе, дүниеқор емес еді ғой, қалай бермеді?»—дегізеді.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз