Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жетіру туралы бір аңыз (ІІ нұсқа)

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Арғынның ортаншы тоқалының аты—Момын. Бұл Момыннан туған Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Надырсопы. Ақсопыдан: «Толыбай» ұранды Қанжығалы, «Маябоз» ұранды Тобықты. Қарасопыдан: «Қарақай» ұранды Қарауыл, «Барлыбай» ұранды Бәсентин. Сарысопыдан—«Аушыбай» ұранды Атығай. Ана екі сопыдан нәсіл, тұқым жоқ.

Желден келген жеті ру дейтін тағы бар. Қанжығалыдан: Ішпек, Піспек. Піспектен—ұл жоқ, екі қыз. Онан өрбіп-өнген Қуандық та Алтай ұрпағы. Өр Алтай, төменгі Алтай Піспекбайдың қыздарынан туған. Ішпектен: Қамбар, Жапар, Қармыс. Қармыстан: Есен, Бозым. Есеннен ұл болмаған, жеті қызы болған. Қыздарын қалың малсыз жеті жерге берген. Әр қызынан бір ұл асырап алып, бала қылған. Сол жеті жиеннен жеті ру өсіп-өнген.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз