Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Абылай және орыс елшілері (І нұсқа)

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Абылай хан заманында орыс жұртынан отыз кісі елшілікке келіп, қыс түсіп кеткен соң қазақ ішінде қыстап қалып, Малай-Жәдігер Қойлыбай бай бір қыс жүз ақ қара бас қой сойып күтіп, қыстан ашықтырмай, тарықтырмай шығарған екен, ұлығы:

—Қазақ жұртының бір-біріне сыйының алды не болады?—дегенде:

—Қазақ рәсімінде «жетім» болады,—деген соң, Қойлыбайға бір қыз сый қылған екен және ит терісіне жазып, алтындаған уағданама берген екен.

Сол қыздан екі бала туып, Малтабар, Қосжетер деген осы күнде өсіп-өніп, өз алдына ауыл болыпты. Терісаққан бойында, Тасбекеттен төменірек Тәки қажының ауылдары.

Сол Қойлыбайдан—Тілеуқабыл. Тілеуқабылдан: Әділ, Еділ, Елемес, Жаманқара, Шешенқара. Бұлардың қыздары «қуыршақ ұзатқанына» ту бие сойып, той қылған екен. Боз биені бірыңғай саудырып:

—Етіміз ақ болсын,—деп сүтіне шомылған екен. Сондай кесірден сол дәулеттің аяғы мыж-тыж болып, сол қыздар кемпір болған күнінде керіс тірей сұрап жүргенде, жақсылықтағы ырыс-дәулетке кесір жұмыс қылғанын естіп, білгендер:

—Саған не қылса, обал жоқ!—деп, таяқпен түртіп кететұғын болыпты.

Бұланбайдың бәйбіше қатынының балалары Байзақ, Жанұзаққа ұзатылып еді дейді.

Әкем аты—Шағырай, атым—Балдай,
Бұланбайдың жылқысы қара жар[дай],
Шиқұтыны бойымда дамбалым бар,
Әлің келсе, тістеп шеш, Қарақалтай!—

дейтұғын Бұланбай Қалқаманнан шыққан, дүниенің ақыры—осылай.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз