Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Абылай мен Жарылғап (2-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

—Мал неге алдырмадыңыз?—депті.

—«Пәлен жерден табысайық» деген батырлары бар екен, асығып мал сойдыруға қарамады,—деген соң бәйбіше:

—Ұрғашының асыққанды алдап жөнелту үшін даяр сый асы болады ғой,—деп, отызына табаққа салып екеуара жент қойыпты. Отызына майды бейпіл салып, ірімшік қойыпты.

—Баянауланың Мырза шоқысы мен Ағысы, Қудың Мырзашоқысы бір жерден табылды ғой,—десіпті.

Бұзау тайыншаның қарынына салынған бір қарын жентті ортасынан қақ жарып, ханның қоржынына салғызды дейді.

Жылқыға ие бақташы болған баласы Тастемір екен. Жарылғап:

—Тастеміржан, «хан деген—жұрттың қазығы, қарашы— оның азығы» деген. Мына жылқы бұлардың жолының үстінде жатыр ғой. Ханды ортасына түсір де, қасындағы төлеңгіттерінің ұнатқан, мінуге жарайды дегенін ұста. Сойысқа жарайды деген биенің семізін ұста, «құтым кетеді, сүтім кетеді» деме. Өздері «болды, енді қой» дегенде қой!— деп ханды шығарып салуға Тастемірді қосты.

Жылқының ортасына хан барып түсті. Тастемір шатырлатып, төлеңгіттердің таңдаған, қалаған атын, биесін ұстап беріп жатыр. Сонда Абылай хан қасындағы отырғандарға сөйледі:

—Мен бағана «Жарылғап бар» дегенде, «қай Жарылғап?» дегенім—бұл қаракесекте қарсұн-керней Жарылғап болушы еді. Оны жұрт «ер Жарылғап, батыр Жарылғап, бай Жарылғап, би Жарылғап» қай түрлі атпен атаса да, толық болған жан еді. Бұл Жарылғапты «Тілеуке-Бертістің Тілеукесінің баласы Шақабай-Жарылғаптың Жарылғабы, ұры Жарылғап» деуші еді. Халық та қаңғып сөйлей береді екен. Бұл ұры болса, жылқы, түйе, қой, сиырды ұрлап алған шығар дейік. Ана бәйбішені ұрлап алған жоқ қой. Ұрлап алса, жанды кісі бұған сіңіртіп қоя ма? Мына төрт баланы ешкімнен ұрлап алған жоқ қой. Бір төрт күшік кімнен тумайды. Бірінен бірі өтіп туған, туысы бөлек жандар ғой! Мынау, өзі Құдай жарылқап қойған шын Жарылғап екен!—депті. Тастемірді шақырып алып:

—Кел, балам, сенімен қияметтік бала қылайын,—деп түрегеліп құшақтап, дос болған екен деседі.

Абылай ханнан дуа тигендігі сол—Жарылғаптың тұңғышы Жоламан «он алты ұлды Жоламан» атаныпты. Жоламаннан—Қойсүймес, Қойсүйместен Баймұрын мырза, Баймұрыннан—Ақай қажы. Ақай қажыдан—Мақат, Хасан, ағайынды екеу. Бұл екеуінің тұяғы—жылқы да мыңнан асады, қой да мыңнан асады. Ағысы, Қудың айналасында төрт ауылнай Жарылғап бар. «Алды мың болса, арты жүз болады» деген бар ғой. Шетінен бай, малға, басқа толық. Бұлардан бөлек Дегелеңде төрт мың жылқы бір түндікте. Ақтанберді ұрпағы Жаныс байдың немере, шөберелері бар. Бұрынғылар аңыз қылған «қазақта байлық, бектік, ұрлық—үшеуі бір тұқымға сыйған емес. Жалғыз-ақ осы үшеуі Жарылғапқа сыйған. Не үшін бұған дуа кеткен? Абылай хандай әруақты ерден дуа алған делінген сөз.

Баймұрын мырзаның тұңғышы Шотақ байды көрдік. Мінезі қойдан қоңыр, мырзалығы жиексіз, «мырза әулие» дерлік табиғат иесі адам еді. Сол Шотақтың бәйбішесінен туған—Исақ, Ермек, Мұса, Секербай заманындағы ұрының атақты дөкейі болды. Былтыр мен биыл атағы шығып жүрген Қышқаш та—сол Жарылғаптан шыққан ұры. Тірі болсаңдар, есітесің, Қышқаштан дөкей шатынауық шыққанын.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз