Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Абылай ханның әңгімесі

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Қалмақтың Қалдар ханымен ұрысып, жеті күндей сүрісіп, сондағы жолдас адамдары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қаратүлек бар, Қарақалпақ Қылышбек, текеден шыққан Сәтбек, Шапырашты Наурызбай, Қаумыт Дәулет, Жетік батыр қасында, бақ дәулеті басында, Сөңгебай Себік бар, Қанқожа мен Мәмбет бар, қарауыл Молдабай қатарда, Есенқұл батыр ішінде. «Өңкей батыр жиыл!»—деп хан Абылай бұйырды.

Сол жолы қалмақтан үш әйел олжаға түскен екен. Қалдар ханның өз қызын Абылай өзі алыпты. Ханның тоқалын көпшілікке беріпті. Көпшілік таласып, ақырында ханның бұйрығы бойынша: «Киіктің жеті лағын бір оқпен атып әкелген алсын!»—депті. Сонда сол қолдың ішінен Тікімбай деген бар екен. Жеті лақты бір атып түсіріп ханға тартып, тоқалды алыпты.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз