Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Саудагерді алдауы

1 мин оқу

Бір саудагер жора-жолдастарымен келе жатып:

— Алдар жұрттың бәрін алдайды. Бірақ мені алдай алмайды, - деп мақтанды.

Осы кезде жолаушылар алдынан Алдар шыға келді. Саудагер әлгі айтқанын растамақ болып:

— Ей, Алдар Көсе, алдағыш болсаң, сен мені алдашы! - деді. Алдар Көсе:

— Әттеген-ай! Алдар қалтам үйде қалған еді. Аты- ңызды бере тұрыңыз. Қалтамды дереу алып келейін. Қалай алдайтынымды сонда көрерсіз, - дейді.

— Жарайды, қалтаңды тез алып келе ғой!

- деп, саудагер түсіп атын берді. Алдар атқа мініп жөнеп кетті.

Саудагер Алдарды кешке шейін күтеді. Келмеді. Достары саудагерді:

— Міне, Алдар өзінді жер соқтырған жоқ па?! - деп мазақтап күледі.

Алдар Көсе хикаялары

Барлығы: 12 хикая

Тағы оқыңыз