Алдардың ұрыдан ат алуы
2 мин оқу
Алдар аулынан шығып, алыстағы елге жаяу кетіпті. Шөлейт жерде түнде жүріпті, сулы жерде күндіз жүріпті. Жер қажаған егінші ауылға, байға жалданған малшы ауылға қонып, апта жүріпті, ай жүріпті.
Түгі торқа, қүйрық-жалы құстан озған жүйрік дейді. Шығайбай үйірге салғалы, жүйрік, сұлу құлын алғалы алыстағы елден ұрлатып алыпты. Түгіне тозаң тигізбей жібек кебінге орап, жібек ноқтамен жетелеп келеді екен. Шығайбай көрсетпей, шығанға айдап, құртатын болды», - дейді.
— Әрине, солай болады. Шіркіннің бір құлынын алар ма еді... - десіп, малшылар күрсінеді.
— Оның несіне арман етесіңдер,ұрыдан сұрап мен алайын, менен бір-бір қүлынды сендер алыңдар, - депті Алдар.
— Шығайбайдың өзі кимес киімін кигізіп, өзі мінбес жүйрігін мінгізіп, жұмсап отырған алатүяғы. Ол саған неге берсін, - деседі ауыл адамы.
— Ұры қашан жүреді екен? Қандай жолмен кетеді екен?
— Еменді тоғайдың ішкі жолымен ертең ерте Шыгандағы Шығайбайдың үйіне жүреді.
— Ендеше, мен бүгін жүрем, - деп, Алдар жүріп кетіпті.
Еменді тоғайдың жалғыз аяқ жолында, қалың шыбықты қайырылыс жерінде, ұрыны тосып отыра беріпті.
Түн ұйқысын қойып, тоқалдың қымызына тойып шыққан үры күн қыза тоғайға кіріп, жол үсті қалғи бастайды.
Алдардың аңдығаны да осы еді, алдынан
өте бергенде, жетек аттың ноқтасын
ағытып жіберіп, қалың ағашқа кіргізіп байлап, жібек жабуын сыпырып жібереді де, өзі үстіне аттың жабуын жамылып, бетіне балшық жағып, ноқтаны басына іліп алып, үрының жетегінде жүре береді. Біраз ұзаңқыраған соң шірене шегініп қалыпты. Қалғыған ұры көзін ашып, «айт-шу» деп, артына қараса, ат жабуга оранған балшық бетті бәлеге көзі түседі де, үрейлене зәресі ұшады. Ат деп жетектеп жүргені адам ба, албасты ма, әйтеуір, шошынарлық бір нәрсе болып шығып, шылбырын тастай береді де, атын қамшылап қаша жөнеледі.
— Айғыр баласы деп алдың ба мені? Көртоғайда қалдырма мені! - деп Алдар, жабуын жалпылдата жүгіріп, біраз жерге шейін қуады.
— Бісімілда, қүлқуакет, бетің құрысын пәлекет! - деп, ұры ышқына қашыпты. Шығайбайга барып, шынын айтқан екен, ол балағаттап, астынан атын, үстінен тонын алып, ұрыны ұрып-ұрып үйінен қуып жіберіпті. Алдар көк қасқа айғырға мініп, аулына келіпті. Кедейлердің бір-бір биесін жинап үйірге салып, қазақтың «қазан ат» дейтін көк қасқа жылқысының тұқымы сонан туған екен деседі.