Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Алдар Көсе мен Тоңғақ

1 мин оқу

Бір күні Алдар Көсе жол жүріп, тоңып келе жатса, үстінде жаңа тоны бар бір адам кезігіпті. Ол да тоңып келе жатса керек. Мұны алдауға Алдар Көсенің көңілі кетіп, өзі тоңбаған кісі бола қойыпты.

Жаңағы тон киген кісі Алдар
Көседен:

— Әй, Алдар, сен неге тоңбайсың? - деп сұрапты. Алдар Көсе айтыпты:

— Менің тонымның бір жағынан

кірген суық бір жағынан өтіп кетеді,- депті. Сонда әлгі кісі Алдар Көсеге:

— Тоныңды берші, - деп жабысыпты.

Алдар Көсе бермепті. Анау кісі жабысып, соңынан қалмаған соң, Алдар Көсе үстіндегі ескі тонды шешіп беріп, жаңа тонды киіп алып ауылына қайтыпты.

Алдар Көсе хикаялары

Барлығы: 12 хикая

Тағы оқыңыз