Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Алдардың шық бермес Шығайбайға қонақ болуы (2-бөлім)

3 мин оқу

Бір уақытта бай бәйбішесін оятады.

— Мына ит үйықтады білем. Түсір асыңды тез! Уақытымен асымызды жегізбеді ғой, ит! - дейді.

Бәйбіше жалма-жан қараңғыда асты түсіреді. Бай пышақты қолға алып жіберіп:

— Жат, жігітім, жат! Сазайың осы! - деп, аузына еттің бір кесегін салып жіберсе, тісі өтпейді. Олай қидалайды, былай қидалайды, болмайды.

— Етің не болып кеткен! Өңкей шандыр! - деп, бәйбішесіне ұрсады бай, түйіліп қалып, май сұрайды.

Кемпір кебежені ашып, аяққа май салады. Әдейі осыны аңдып жатқан Алдар, білдіртпей аяққа салынған майды алып, оның орнына іргеден сиырдың жас тезегін алып салады.

Шығайбай аяқты ала, былжырап тұрған тезекті май деп, аузына салып жібереді. Салып жібереді де лақ еткізіп құсады.

— Қазы орнына шандыр бердің, май орнына тезек бердің, алжыған! - деп таяқпен кемпірін бір қояды.

Кемпірінің басы жарылып, ойбайлап қалады.

Кемпірдің даусынан оянған болып, Алдар сыртқа шығады. «Бұл сұмның қастығы аз болмас! Атыма бірдеме қылып, өшін алар»,

- деп атына барады.

Атының қасында байдың да аты тұр екен. Өз атының маңдайындағы қасқасы болмаса, екеуінің ешбір айырмашылығы жоқ екен. «Маған ойлайтын зияны болса, өзіне тисін!» - деп, өз атының қасқасын тезек жағып жоғалтады да, бай атының басына бор жағып, қасқа ат қылып қояды. Сөйтеді де, орнына келіп жатып, ұйықтап қалады.

Етті, майды жеп қойған Алдар екенін, бұл жұрттан асқан қу екенін бай біледі де, ішін ыза кернеп: «Тұра тұр, бәлем!» - дейді ішінен. Алдар ұйықтады-ау деген кезде, сыртқа шығып, Алдардың «атын» жарып тастайды. «Міне, жігітім, сазайың!» - деп, мадақтанып төсегіне келіп жатады да, ұйқыға кетеді.

Таңертең бай орнынан тұрып жатып, Алдарға айтады:

— Мына кемпір бір қасқа ат өліп жатыр, - дейді. Сенің атың болу керек, жарылып қалған. Атыңды бақпай, қазан бағып жүрген, не қылған адамсың?! - деп қарқ-қарқ күледі.

Алдар түрып:

— Қандай қасқа екен? Тезек қасқа болса менікі, бор қасқа болса сенікі болар, - дейді.

Бай құдайдың ұрғанын біледі де, тұра жүгіреді. Жүгіріп барса, өліп жатқан байдың бор қасқасы екен.

Бай күйініп кетіп, Алдарға келіп:

— Жоғалт қараңды, сұм! Құртатын болдың ғой, әбден! - деп, кейіп шығып кетеді.

Сыртқа шығысымен бәйбішесіне:

— Әлгі наныңды бер. Мына иттің қарасын көрмейін, нанды қойныма тығып, тез малға жөнелейін, - дейді.

Әйелі жерошақта пісіп жатқан нанды оттан суырып бере қояды. Мұны көре салып, Алдар жүгіріп шығады.

— Ей, байеке! Енді бұдан былай жолығамыз ба, жоқ па? Ақтық рет көрісіп айырылысайық! - деп, бара байды құшақтайды, оны қысып, жібермейді; оттан жаңа шыққан нан байдың кеудесін күйдіріп кетеді.

— Ау, жарайды енді! - деген сайын қыса туседі.

— Ау, мына ит жегіріңді ит жесін! Мә, жемтігінді ал! - деп, қойнынан нанды лақтырып тастайды.

— Бісміллаһи піскен ас, ауызға келіп түскен ас! - деп Алдар қағып алады.

Бай енді кетейін десе, Алдар тағы жібермейді.

— Ау, сұм, алатын наныңды алдың, енді нең бар? - дейді.

— Мынау етігім жыртылып, шүлғауым шығып жүр, бізіңді беріп кет! - дейді. Байдың қызының аты Бізбикеш еді.

Байдың бізді бергісі келмейді, Алдар жабысып жібермейді. Ақыры болмаған соң:

— Ә, алсаң, алшы, антұрған! Ал да, қараңды жоғалтшы! - дейді.

Алдар рақметті жаудырмалатып, күліп қала береді. Бай кетісімен, Алдар бәйбішеге жүгіріп келіп:

— Ал қызыңды киіндір! - дейді.

— Е, не үшін?

— Баймен келісіп, Бізбикешті алатын болдым!

— Жоғал әрі, жұртты жалмаған! Қызымды беретін сен кім едің? - дейді.

— Әйтпесе, өз қүлағыңмен есітіп қал! - деп сыртқа шыгып, көп жерге барып қалған байдың артынан айқайлайды.

— Әй, бай! Бізбикешті бермей жатыр, бәйбішең! -деп, «бізін» қаттырақ айтып дауыстайды.

— Әй, бәйбіше, бер, бер. Жоғалт соның көзін!... - деп айқайлайды бай.

— Әне, есіттің бе? - дейді Алдар қасында тұрған бәйбішеге.

— Мына кәрі ит алжыған ба, өзі? Елді құртқан бір қуаяққа қызын беріп, құтырған ба? - деп, таң қалады бәйбішесі.

Алдар анау-мынау дегенге көнбестен, жасауын буып, қызды атқа мінгізеді.

— Алдардың ойыны осылай болады!- деп еліне тартып отырады.

Алдар Көсе хикаялары

Барлығы: 12 хикая

Тағы оқыңыз