Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Алты жігітті алдауы

1 мин оқу

Алты жігіт Алдар Көсені катырып алдамақ болып, оны өзенге ертіп барады. Сосын бірі тұрып:

— Алдеке, қазір бәріміз суға түсіп, түбінен бір- бір жұмыртқа алып шығайық, - деседі. Олар өздері Алдарға көрсетпей бір-бір жұмыртқадан ала келген еді.

— Ал, түссек түсейік, - дейді Алдар. Бәрі суга сүңгіп-сүңгіп шығып:

— Мінекей, біз жұмыртқа алып шықтық. Ал сіз ше? - деп алақандарындагы жұмыртқаларын көрсетеді. Осы кезде Алдар:

— Ку-ка-ре-ку! - деп әтеш болып айқайлайды.

— Алдеке, мұныңыз не? - деп сұрайды алты жігіт. Сонда Алдар Көсе айтыпты:

— Ау, алты мекиенге бір қораз керек емес пе?

Алдар Көсе хикаялары

Барлығы: 12 хикая

Тағы оқыңыз