Алдар Көсе мен егінші бай
1 мин оқу
Көсе қойды айдап келе жатса, бір бай қос өгізбен жер жыртып жүр екен. Көсе сәлем береді. Ол сәлемін алады. Көсе:
— Е-е, сіз өте шаршаған
екенсіз, біраз дем алыңыз.
Қосыңызды мен айдай
тұрайын! - дейді.
Ол: «Жақсы, балам!» - деп өгізін Көсеге тапсырып, өзі жатып ұйықтап қалады.
Иесі қатты ұйықтап кеткен кезде, өгіздерінің құйрықтарын кесіп алып, жерге қадап қойып, өгіздерді бір қырдан асырып тастайды. Біраздан соң байды оятады:
— Бай, өгізіңіздің бұрынғы мінезі осындай ма еді, жоқ айдаған соң осындай болды ма?..
Өгіздеріңіз өкіріп, өкіріп, жерге кіріп кетті. Құйрықтары мынау, көрініп тұр, - деп, шаншылып тұрған құйрықтарды көрсетеді. Бай:
— Өгіз жерге кіруші ме еді? - деп барып, құйрықты шірене тартады.
Көсе:
— Ойбай, тартпаңыз, құйрығын үзіп аларсыз. Өгіздеріңіздің өзінің бұрынғы әдеті
шығар! - дейді. Көсенің айтқанына бол-
мастан бай ашуланып,
тартып қалып еді,
өгіздерінің құйрығы
жұлынып шығады.
Сонда Көсе тұрып:
— Мен сізге айттым ғой, құйрығын үзіп аласыз деп, оған болмадыңыз, - деп, кейіген болып, кетіп калады.
Көсе өгіздерді айдап үйіне келіп, мал малданып, жан жанданып мұратына жетеді.