Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құлмахан мен Ақмарал айтысы (1-бөлім)

Құлмахан Дүйсенов, Ақмарал Леубаева · 3 мин оқу

Құлмахан:

Төрінде той боп тұрса талапты елдің,
Сен соған бір кірпішті қалап көргін.
Ташкентте ерекше айтыс боп тұр,
Жұлдызы жанатындай талантты ердің.
Құдайы қоңсыменен деген сөз бар,
Екі елдің ынтымағын қалап келдім.
Сіздердей жаны жайсаң көрерменге,
Қыбырайдан өшпейтұғын ән ап келдім.
Ағайын, армысыздар, ал, бастадым,
Шабытым шалықтаса талмас жаным.
Түрік тілдес халыкқпыз тамыры бир,
Тілейтін татулықтың жалғасқанын.
Тағы да шығып тұрмын алдарыңа,
Ақтарып ақ тілектің алдаспанын.
Төрт сағат тырп етпей отырғандар,
Ауырып қалмады ма жамбастарың?

Мергендей қос қасқырды қатар атқан,
Күннің нұры туады шапағаттан.
Жарқынбек жаңа ғана жарқ етті ғой,
Жылы сәлем жолдаған Сарағаштан.
Жанұзақ та сіздерге бөтен емес,
Тойтөбенің бір қызын ала қашқан.
Фархатжан да осында жүгіріп жүр,
Шырыннан басқа қызға қарамастан.
Біржандай бала ақын келіпті ғой,
Оған жазып кеткендей Сара дастан.
Бекарыстың бәрібір орны бөлек,
Бәйге алып үйренген бала жастан.
Ақмаралмен ағайын шығардыңдар,
Әңгімесін бастайтын махаббаттан.

Маралым, менің Маралым,
Бұлбұлы едің даланың.
Кәриманы қойсайшы,
Мен өзіңді қаладым.
Өзіңменен шыққанда,
Орындалар талабым.
Көркіңнен сенің айналдым,
Әдемі екен жанарың.
Саған сұрақ берейін,
Қылығы деме баланың.
Риза болсаң егер де,
Екінші қылып аламын.

Ақмарал:

Ақынның дархан көңілінде,
Ақиқат дейтін дауыл бар.
Елдің жүгін көтерсе,
Аманаты ауырлар.
Өз-ағам өзбек жерінде,
Өз қазағым дейтиндей,
Өрісі кең ауыл бар.
Сол ауылға жол салған,
Ата жұрттың сәлемін,
Ала келген қауым бар.
Айтыстың туын көтерген,
Бар болыңдар, бауырлар!

Екінші қылып алам деп,
Басыңды шатпа, шерменде.
Мал тапқыш біздей әйелден,
Айырылмас күйеу өлгенде.
Сұрады екен деп Құлмахан,
Асылын қолдан берген бе?
Алсаң қайда қалып ең,
Сен отызда жігіт ең,
Мен жиырмада бойжеткен,
Ташкенге алғаш келгенде.
Жалайырдың қызы мықты еді,
Жүгенді қолға берген бе?
Шырыныңды сығып ап,
Шығының жоқ деп сенген бе?
Пенсияға шыққан соң,
Қайда барар деп көнген бе?
Алам дейсің, енді, кеп,
Байғұсым-ау, шерменде,
Есің енді кірді ме,
Елуге жасың келгенде?

Бұл айтысты түсінер,
Қазақтай шіркін қай халық.
Қоржыны толған қалжыңға,
Біздің халық бай халық.
Құлмахан мен дегенде,
Қалады тілің байланып.
Жас иіс қой дедің бе,
Кәриманы көргенде.
Кетіпті миың айналып,
Сыртыңнан сеніп мен жүрмін,
Сыбағам бар деп сайланып.
Жастың аты жас ғой деп.
Көңілің кетер қайда алып,
Есебім түгел менің де,
Қырғыздан қалдым пайда алып.
Жаныңды қазір шығарамын.
Отырып алғын жайланып.
Шылбырыңды сүйретіп,
Келдің бе маған айналып.

Құлмахан сенде кінә жоқ,
Кәрима алтын жолдағы.
Бірақ кейін білесің,
Қадірімізді қолдағы.
Біз үшін мына Құлмахан,
Арда ақын артық талғамы.
Милицияда лейтенанттан,
Артық атақ алмады.
Мақтаныш бірақ айтыстың,
Генералы болғаны.
Тәшкенді жырла алдымен,
Айтыла жатар қалғаны.

Құлмахан:

Бармайыншы Маралмен,
Осы бүгін егеске.
Айналып бара жатырсың,
Айналайын елеске,
Лейтенант деп айтасың.
Сап кеттің қалқам нені еске,
Елуді және қостың ғой,
Ақыл менен кеңеске.
Елу деген қазақта,
Ердің жасы емес пе?

Кездескен соң өзіңмен,
Жүрегіңді ұрлайын.
Сен тұрғанда назарды,
Кәримаға бұрмайын.
Сұрақ бердің Ақмарал,
Оған жауап-жыр дайын.
Тыңдаңыздар ағайын,
Тәшкенімді жырлайын.

Қожа Насыр Алдармен,
Егерге қысқан тақымын.
Әмір Темір, Абылай,
Тарихта қалған батырым.
Ахунбабаев пен Рысқұлов,
Алашқа айтқан ақылын.
Бәрін айт та бірін айт,
Мұхтар менен Ғафурым.
Қадыр менен Абдулла,
Жұлдызы жанған ақыным.
Ортадан бөліп бола ма
Осындай екі жақының.
Ауылдың аңсап масасын,
Алты қырдан асасың.
Толқынындай теңіздің,
Жағаға кеп тасасың.
Құлагерді құлшынған,
Аламанға қосасың.
Озып келсе бәйгеден,
Шашуыңды шашасың.
Қазақ пен өзбек достығы,
Ғасырлар бойы жасасын.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз