Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тесіктау қайда?

Жиренше шешен · 1 мин оқу

Бір адам: «Осы Жиреншені әркім мақтайды, Жиренше сөзден сүрінбейді және сұраған нәрсенің бәріне табан астында жауап айтады дейді. Мен де барып сөз сұрап көрейінші» деп Жиреншеге айтыпты:

– Әу, Жиренше, сізді әркім бір мақтайды, шешен, білгіш дейді. Қане білгіш болсаң, Тесіктау қайда соны айтшы! – дейді.

– Тесіктау мына тұрған қызыл төбешіктің астында, – дейді Жиренше.

Сонда әлгі кісі «Төбешік, Төбешік» деп қайталап айтады да:

– Ол төбешігің алыс па, жақын ба? – деп сауалдайды. Сонда Жиренше шешен:

– Алыс емес, тиіп тұр, жүр, үйге кірелік! – депті.

Үйге кірген соң, Жиренше әйеліне:

– Мына кісіге сусын бер, – дейді. Әйелі сусын әкеліп, әуелі күйеуіне, содан соң қонағына ұсынады. Жиренше сусын кұйылған тостағанды ұстап отырып:

– Міне Тесіктау! Бес тұлпарға мінесіз, қызыл төбешіктің астындағы тесік таудан былай өтесіз, – деп тостағандағы айранды сіміріп салыпты. Сонда әлгі кісі:

– А, Тесіктау деген тесік тамақ екен ғой, енді ешнәрсе сұрамай-ақ қояйын.

Жиренше, қош-аман бол, – деп қайтып кетіпті.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз