Бір аяқпен тұрған қаздар
Жиренше шешен · 1 мин оқу
Әз Жәнібек қасында ортасында Жиренше шешені бар бір топ нөкерлерімен құс салып, тазы жүгіртіп, сайрандап келе жатса, алдарынан көл шығыпты. Көл жағасында бір топ қаз бір-бір аяқтарын көтеріп, жусап тұрады. Хан жігіттеріне: Томағаларын сыпырып, құстарыңды қоя беріңдер! – дейді. Жігіттер дабыл қағып, құстарын қоя береді. Аяқтарын көтеріп, жусап тұрған қаздар екі аяқтап жорғалап барып, аспанға көтеріліп кетеді. Осы бір сөтті пайдаланған хан, Жиреншені тағы бір сынамақ болады.
– Жиреншем, әлгіде бір аяғымен тұрған қаздар, екі аяқтап жорғалап кетті ғой, бұл қалай?
Сонда Жиренше саспапты:
– Е, е, хан ием, сіздің басыңызға әңгір таяқ ойнатып, дабыл қақса, екі аяқтап емес, төрт аяқтап қашарсыз! – депті.