Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мергендік

1 мин оқу

Қожа ханға: «Мен асқан мергенмін», - деп мақтанады екен. Күндерде бір күн хан Қожаны, уәзірлерін ертіп аңға шығады. Бір мезгілде аңшыларға бір топ киік кездеседі. Әй-шайға қарамай Қожа мылтықты басып қалады. Ол далаға кетеді. Қожа ханға:

– Міне, сіз осылай атасыз! - дейді.

Қожа мылтықты екінші рет басып қалады. Ол оқ та тимейді. Қожа ханға:

– Міне, сіздің уәзірлеріңіз осылай атады! - дейді. Қожа үшінші рет атқанда киік ұшып түседі.

– Міне, Қожа мылтықты осылай атады! - дейді.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз