Байдың сұрауы
1 мин оқу
Бір бай Қожанасырдан:
– Мен саған жүз сом берсем, сен маған не айтар едің? - деп сұрайды. Қожа:
– Берсең саған жақсы: «Қожада аласым бар деп өмір бойы мақтанып жүресің. Бермесең маған жақсы: ешкімге бересім жоқ деп мен жүрем», - дейді.