Тауықтар
1 мин оқу
Бір күні Қожа тауықтарын базарға апарып сатпақ болады. Жолда келе жатып, тауықтарға жаны ашып, оларды байлаудан босатады да, базарға қарай айдайды. Олар бет-бетімен қашады. Қожа ашуланып:
– Қараңғыда таңның атып келе жатқанын біліп, айқай саласыңдар. Ал күндіз базарға баратын жолды неге білмейсіңдер? - деп ұрсады.